ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, 2024 жылы қоғамдық орынды ластағаны туралы 1190 құқық бұзушылық тіркелген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ал 2025 жылдың алғашқы сегіз күнінде 25-ке жуық заңбұзушылық анықталған.
-Ұсақ бұзақылық фактілерінің басым бөлігі Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы анықталады. Осылайша, 500-ге жуық заңбұзушылық тіркеліп, азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметіндегілер.
Осы ретте полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабына сәйкес қоғамдық орындарды ластауға тыйым салынғанын қатаң ескертеді.
Пікірлер