A+ A A-

talgatzhan 39 9-01-2025, 14:30 0

ШҚО-да метапневмовирус жұқтырғандар тіркелген жоқ

Бүгін / ШҚО

Шығыс Қазақстан облысында метапневмовирус инфекциясын жұқтырғандар тіркелген жоқ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.


ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметіне сүйенсек, биылғы эпидемиялық маусымда облыста метапневмовирус жұқтырғандар болған жоқ. Алайда 2022 және 2023 жылдары 14 жасқа дейінгі балалар арасында метапневмовируске шалдыққан 1 баладан тіркелген.

- Өңірде өткен аптадан бері 6466 адам ЖРВИ-мен ауырды. Оның ішіндегі 3436-ы 14 жасқа дейінгі бала. Барлығы 83 адам ауруханаға жатқызылды. Оның алдындағы аптамен салыстырғанда ауырғандар саны 34,7%-ға азайғаны байқалады, - дейді департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина.

Күз басталғалы бері Шығыс Қазақстанда 100 мыңнан астам ЖРВИ-ге шалдыққан. Өткен эпидемиялық маусыммен салыстырғанда ауырғандар көрсеткіші 8,89%-ға өсті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив