A+ A A-

talgatzhan 39 9-01-2025, 15:00 0

ШҚО-да бұрқасын күтіледі

Бүгін / ШҚО

"Қазгидромет" облыстық филиалының ақпаратынша, 10 қаңтарда өңірдің солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын болуы ықтимал, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.


Облыстың батысында, шығысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында жылдамдығы 15-20 м/с жететін жел ұйытқиды. 

Өскеменде бұрқасын болып, екпіні 15-20 м/с жететін жел соғады. 

Осы ретте ШҚО ТЖД мамандары қолайсыз ауа райында елдімекеннен тыс жерлерге сапарды кейінге қалдыруды сұрайды. Маршрут бойынша жүру кезінде жылдамдық пен қашықтықты сақтаған жөн.

Төтенше жағдайда 112 нөміріне хабарлаңыздар.

Фотосурет: sputnik.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив