ШҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері темір тордың арғы жағына алкогольдік ішімдіктерді өткізбек болған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анықталғандай, ол пластикалық бөтелкелерге құйылған алкогольдік сусындарды тікенек сым арқылы өткізбек болды.
Тыйым салынған заттар сараптамаға жіберілді. 46 жастағы ер адамды ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша жауапкершілікке тарту үшін материалдар жиналды.
Айта кетейік, былтыр ШҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері 69 ұялы телефон мен 16 литрге жуық алкагольдік өнімдерді 47 рет заңсыз алып өту әрекетінің жолын кескен.
Пікірлер