21 желтоқсанда Риддер қаласындағы жылу электр орталығында газ-ауа қоспасы жарылып, ірі апат болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
23 желтоқсанда сот болған оқиға туралы жалған ақпарат таратқан әлеуметтік желідегі топ иесін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы шығарды.
-Іс материалдарына қарағанда жазба қоғамда наразылық тудырған. ҚР ӘҚБтК-нің 456-2-бабының 3-бөлігі негізінде топтың әкімшісіне 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салынды, - делінген ақпаратта.
ҚР ӘҚБтК-нің 456-2-бабының 3-бөлігіне сәйкес ғаламторда қоғамдық тәртіпті, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуы мүмкін көрінеу жалған мәліметтерді орналастырып, таратқаны үшін жеке тұлғаларға – 20 АЕК мөлшерінде айыппұл; шағын бизнес және коммерциялық емес ұйымдар үшін – 30 АЕК; орта бизнес үшін – 50 АЕК; ірі кәсіпорындар үшін – 100 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.
Пікірлер