A+ A A-

talgatzhan 43 10-01-2025, 17:05 0

ШҚО-да экологиялық мәселелер туралы жиын өтті

Бүгін / ШҚО

Аймақ басшысы Ермек Көшербаев экологиялық мәселелер бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі,

Жиын барысында «Өскемен тынысы» экологиялық қорғау бюросы ресми түрде жұмысын бастады. Бюро директоры Елена Березинская-Абилова жұмыс жоспарын көпшілікке ұсынды. Айта кету керек, экологтар тұрғындарды жобалық іс-шараларға белсенді түрде тартуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ кәсіпкерлер мен жұртшылықтың ауаның ластану деңгейін төмендету жөніндегі бастамаларын қолдау көзделген.

– «Жасыл қаржыландыру» аясында жобаларға қаржылық және құқықтық қолдау көрсетуге дайын инвесторлар бар. Біз белсенді азаматтардың қоршаған ортаны жақсарту және мониторинг жасау бойынша ұсыныстарын қарауға дайынбыз. Басты міндетіміз – экономикалық немесе сыбайлас жемқорлыққа қатысты тәуекелдерді барынша азайту, - деді Елена Березинская-Абилова.

Бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі – Өскемен қаласының экологиялық жағдайына кешенді зерттеу жүргізу. Сондай-ақ кәсіпорындар шығарындылары, қоғамдық көліктер, жеке сектор, ҚМЖ маусымы, ауа сапасын өлшейтін бекеттер туралы ақпарттарды жинақтап, ортақ дерекқор құру. 
- Бюрода тәжірибелі экологтардың болғаны жақсы. Сондай-ақ азаматтық қоғаммен тығыз байланыс орнату керек. Бұл көптеген мәселені шешуге көмектеседі. Ортақ деректер қорын құру жағдайды дұрыс бағалап, әрі қарайғы әрекеттерді жоспарлауға мүмкіндік береді, - деп атап өтті облыс әкімі Ермек Көшербаев.

Сонымен қатар аймақ басшысы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында санитарлық-гигиеналық нысандарды салу кезінде электрмен жүретін көліктерді қуаттау бекеттерін орнату мүмкіндігі қарастырылатынын айтты. Көліктің экологиялық таза түрлерін жаңғырту және дамыту - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алға қойған маңызды міндеттердің бірі.

Жиын барысында Өскемен қаласын абаттандыру мәселесі қозғалды. Облыс әкімі бұл бағыттағы жұмыстармен өз ісін жақсы білетін мамандардың айналысуы керегін жеткізді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив