"Қазгидромет" облыстық филиалының ақпаратынша, 11 қаңтарда өңірдің батысында, солтүстігі мен шығысында бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі. Өңірдің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жететін жел соғады.
ШҚО ТЖД мамандары қолайсыз ауа райында халықтан елдімекеннен тыс жерлерге сапарды кейінге қалдыруды сұрайды. Маршрут бойынша жүру кезінде жылдамдық режимі мен қашықтықты сақтаған жөн.
Төтенше жағдайда 112 нөміріне хабарлаңыздар.
Пікірлер