A+ A A-

talgatzhan 40 11-01-2025, 15:10 0

ШҚО-да 15 жас дәрігер жұмысқа тұрды

Бүгін / ШҚО

Медициналық кадрларды ауылдық медициналық ұйымдарға тарту, әлеуметтік қолдау көрсету және медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру үшін Мемлекет басшысы заңнамалық деңгейде бұрын-соңды болмаған шараларға бастамашылық жасады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Былтыр елдімекендердегі 544 дәрігер жұмыс орны бойынша түрлі әлеуметтік қолдау шараларын алды.

Сондай-ақ 15 жас дәрігер Шемонаиха, Глубокое, Тарбағатай, Алтай, Ұлан және Үлкен Нарын аудандарындағы ауылдық елдімекендерге жұмысқа орналастырылды.

Олардың барлығы 100 ЕТЖ немесе 8,5 миллион теңге мөлшерінде біржолғы төлемдерді қоса алғанда, көтерме жәрдемақы алды.

Ауылға келген жас мамандар қосымша қаржылық ынталандыру, тұрғын үйге жеңілдікті несие мен кәсіби өсу мүмкіндіктеріне ие болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив