A+ A A-

talgatzhan 41 11-01-2025, 15:30 0

ШҚО ауылдарында 54 212 тұрғын жылжымалы медициналық кешенде тексерістен өтті

Бүгін / ШҚО

Медициналық жабдықтар жиынтығы бар 7 автокөлік үйдің жанында медициналық көмек алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Былтыр 222 елдімекеннің 54 212 тұрғыны "дөңгелектегі емханалардың" көмегімен дәрігерден кеңес алып, тексерістен өтті.

Осылайша, 44 228 диагностикалық зерттеу, 59 749 бейінді мамандардың консультациясы, 57 252 зерттеу жүргізілді.

Тексеру барысында түрлі аурулары бар 1723 науқас анықталды, ал кәсіби тексеру қорытындысы бойынша 537 ауыл тұрғыны динамикалық бақылауға алынды.

Биыл ауыл тұрғындары үшін жылжымалы медициналық кешендердің жұмысы жалғасатын болады. Дәрігерлердің қабылдау кестесі денсаулық сақтау және медициналық ұйымдар басқармасының сайтында жарияланады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив