ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, "Өскемен-Алтай" республикалық маңызы бар автомобиль жолының 58-66 шақырымында ШҚО ТЖД құтқарушылары мен “Қазселденқорғау” мамандары жарылыс жұмыстарын ұйымдастырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
-5090 текше метр қар түсіріліп, жол қызметтерімен жедел тазартылды. Облыста 325 көшкін қаупі бар аймақ бар. Оларға мониторингті "Қазселденқорғау" ШҚ филиалының мамандары жүргізеді. Қар өлшегіштердің көмегімен бақылаушылар жарылыс жұмыстарын жүргізу қажеттілігін анықтайды, - деді “Қазселденқорғау " облыстық филиалының басшысы Советбек Станбеков.
Айта кетейік, қар жауғаннан кейін үш-бес күн ішінде қар көшкіні қаупі сақталады. Осы уақытта тауға барудан бас тартқан дұрыс.
Пікірлер