A+ A A-

talgatzhan 39 13-01-2025, 14:00 0

ШҚО Экология департаменті басшысының орынбасары сотталды

Бүгін / ШҚО

Өскемен қаласының №2 соты департамент басшысының орынбасарын ірі мөлшерде пара алғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, жақында экология департаментінің басшысы Данияр Әлиевке қатысты үкім шықты. Пара алғаны үшін ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Айыптаушы тарап пен соттың мәліметінше, Әлиев павлодарлық таныс кәсіпкерге 5 миллион теңгеге Күршімдегі алтын өндіруге қатысты жобаны дайындап беруге уәде еткен. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ал экология департаменті басшысының орынбасарына келсек, азаматтардың өтініштері бойынша Рауан Тұраровтың басшылығымен АӨФ-да (алтын өндіру фабрикасы) ҚР экологиялық заңнамасы нормаларының сақталуына тексеріс жүргізілді.

-Тексеру барысында зауыт құрылысын аяқтау мерзіміне қатысты жобалық шешімдерден ауытқулар бойынша бірнеше заң бұзушылықтар анықталды.Мұндай бұзушылықтар кәсіпорынның қызметіне уақытша тыйым салуға әкеп соғады. Тұраров ЖШС-ны әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін серіктестік директорынан 30 000 АҚШ доллары (13 326 600 теңге) көлемінде пара алған, - дейді Өскемен қаласының №2 сотының баспасөз қызметіндегілер. 

Рауан Тұраров кінәсін мойындамай, ақтауды сұрады.

Сот Тұраровты өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салып, 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив