«ОблШығысЖол» ЖШС ақпаратынша, 15 қаңтар сағат 11:00-ден бастап қар көшкінін алдын алу жұмыстарына байланысты Өскемен-Самар облыстық маңызы бар тасжолдың 95-102 шақырымында автокөліктердің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Осы ретте, ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті өңір жұртшылығын таулы жерлерге барудан бас тартуға шақырды. Себебі алдағы күндері қар көшкіні жүру қаупі сақталады.
Пікірлер