Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен облыс әкімінің өкіміне сәйкес Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының басшысы болып Ернұр Бурахан тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ернұр Бурахан – тәжірибелі маман, журналистік қызметтен медиа менеджер деңгейіне дейін көтерілген. Төрт жоғары білімі бар.
Әр жылдары ШҚО әкімінің, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының баспасөз хатшысы, ШҚО ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
«Aqtobe» аймақтық телекомпаниясының бас директоры және «Qazaq radiolary» ЖШС-нің бас директоры лауазымдарында қызмет еткен.
2023 жылдан бастап осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды.
Пікірлер