A+ A A-

talgatzhan 51 14-01-2025, 14:00 0

ШҚО-да студенттердің оқу ақысына жеңілдіктер беріледі

Бүгін / ШҚО

2025 жылға қарай жоғары оқу орындары мен колледждердегі студенттердің стипендиясы екі есе өссе, магистранттар мен докторанттардың шәіртақысы 1,75 есе артады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Осылайша, бакалавриат студенттері 52 372 теңге, педагогикалық және медициналық бағытта оқитындар 84 000 теңге, магистранттар 117 098 теңге, докторанттар 262 500 теңге көлемінде стипендия алады.   

Осы ретте ШҚО әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиевтің айтуынша, мемлекет студенттердің тек білім алуына ғана емес, олардың әлеуметтік жағдайына да көңіл бөліп отыр. 

-Әлеуметтік осал топтағы жастарға жеңілдіктер мен қолдау шараларын ұсыну – олардың өмір сапасын арттырудағы маңызды қадам. Бұл ретте, аймақтағы С.Аманжолов атындағы ШҚУ, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ және ҚАЕУ студенттерге әлеуметтік қолдау көрсетуге ерекше мән береді. Білім алушыларға оқу төлемақысына 10%-дан 50%-ға дейін жеңілдіктер беріледі, – деді Ербол Жолдасбекұлы.

Жетім балалар, көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан, мүгедектігі бар студенттер жатақхана орындарымен және оқу төлемақысынан жеңілдіктермен қамтамасыз етілуде. Мысалы, С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да талантты жастарға арнайы Абай және Аманжолов шәкіртақылары тағайындалып, олимпиада жеңімпаздарының оқу ақысына 100% жеңілдік беріледі. Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ да әлеуметтік қолдауды жүйелі жүргізіп келеді. Оқу орнындағы көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттерге ай сайын 15 000 теңге көлемінде көмек көрсетеді, ал әлеуметтік қиын жағдайда қалған студенттерге 10 000 теңге беріледі. Жатақханаға мұқтаж студенттер үшін 50% жеңілдік ұсынылып, жетім балаларға тегін орындар бөлінеді. Ал ҚАЕУ-де студенттерге арнайы гранттар мен жеңілдіктер қарастырылған. 2024 жылы 11 студент 5,35 миллион теңге көлемінде грант алды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив