"Қазгидромет" облыстық филиалының ақпаратынша, 15 қаңтарда түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігі мен орталығында тұман күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан ұйытқиды, өңірдің шығысында, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жететін жел соғады. Өскеменде түнде және таңертең тұман басуы ықтимал.
Сондай-ақ "Қазгидромет" РМК облыстық филиалының ақпаратынша, 14 қаңтар сағат 20:00-ден 15 қаңтар сағат 20:00-ге дейін Өскеменде күтілетін қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты екінші дәрежелі ескерту жарияланды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Пікірлер