A+ A A-

talgatzhan 30 15-01-2025, 15:40 0

ШҚО туу көрсеткіші төмен өңірлер қатарында

Бүгін / ШҚО

2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында елде 278 698 бала дүниеге келді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 4,2%-ға аз (290 894 бала), деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі,inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.


Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылы туу коэффициенті 1 000 адамға шаққанда 18,47-ні құрады, ал 2023 жылы бұл көрсеткіш 19,54 болған.

Туу көрсеткіші жоғары өңірлер:

Түркістан облысы – 40,3 мың бала (жылдық төмендеу – 2,9%),

Алматы қаласы – 26,1 мың бала (жылдық төмендеу – 1,1%),

Алматы облысы – 24,2 мың бала (жылдық төмендеу – 3,5%).

Туу көрсеткіші төмен өңірлер:

Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары көш соңында.

Туу көрсеткішінің төмендеуі барлық 20 өңірде байқалады. Алматы қаласында бұл көрсеткіш тек 1,1%-ға азайса, Солтүстік Қазақстан облысында төмендеу 7,9%-ға жетті.

Айта кетейік, 2024 жылғы 1 желтоқсандағы дерек бойынша Қазақстан халқының саны 20 265 320 адамды құрады. Жыл ішінде жалпы халық саны 231 478 адамға өсті. Оның ішінде 217 133 адам табиғи өсімнің үлесінде, ал 14 345 адам көші-қон есебінен көбейген.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив