A+ A A-

talgatzhan 43 15-01-2025, 16:20 0

ШҚО-да жатыр мойны обырына шалдыққандар саны азайды

Бүгін / ШҚО

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мадина Мырзабекованың айтуынша, 2024 жылдың қорытындысы бойынша аурушаңдық 26,7%-ға төмендеді. 


- Ерте диагностикаға ерекше көңіл бөлінуде. 2024 жылы жатыр мойны обырының 84%-дан астамы I-II кезеңде анықталды, бұл емдеуді ерте бастауға және толық сауығу мүмкіндігін арттыруға мүмкіндік береді, - деді Мадина Мырзабекова.

Жаман ауруға шалдыққандар санының азаюына адамның папиллома вирусына қарсы вакцинациялау да әсер етті. Қазіргі уақытта өңірде 11 жастағы 3200-ден астам қыз екпе алды, 2025 жылы 9696 қызға екпе салу жоспарлануда. 

Сонымен қатар аймақта жатыр мойны обырын ерте анықтау бойынша скринингтік зерттеулер белсенді түрде жүргізілуде. Былтыр әйелдердің 97%-ы тексеруден өтті. Нәтижесінде 315 алдын ала ісік жағдайы және аурудың ерте кезеңіндегі 8 жағдай анықталды.



Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив