A+ A A-

talgatzhan 32 15-01-2025, 17:10 0

ШҚО-да көшкінге қарсы жаңа жүйе іске қосылды

Бүгін / ШҚО

Өскемен-Самар тасжолының 95-102 шақырымындағы көшкін қаупі бар учаскелерінде «Daisybell» көшкінге қарсы жүйе сынақтан өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Шара ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағының көмегімен өтті.

-Елдің таулы аудандарында көшкін қаупі бар 619 учаске бар. Жыл сайын мамандар қар көшкінінің алдын алу үшін 150 профилактикалық шара ұйымдастырады. Алматы қаласының, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының қауіпті учаскелерінде жалпы көлемі 14 мың текше метрден асатын 26 қар көшкіні түсірілді, - деді ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ басшысы Ерболат Садырбаев.

Оның айтуынша, қазіргі таңда облыс аумағында 20 қар көшкінінің маршруты жұмыс істейді, онда 160 қар өлшегіш рельс орнатылған. 

«Daisybell» сынды жаңа технологиялар мен көшкінге қарсы жүйелер профилактикалық жұмыстарда тұрақты түрде қолданылатын болады. Бұл таулы аудандардағы қауіпсіздікті едәуір арттыруға және көшкін апаттарының қаупін болдырмауға мүмкіндік береді, -  дейді Ерболат Садырбаев. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив