A+ A A-

talgatzhan 30 16-01-2025, 13:00 0

Қазақстанда жыл басынан бері есірткі қылмысы үшін 6 жасөспірім ұсталды

Бүгін / Республика / Қылмыс

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлерімен Астана қаласында елордалық жоғары оқу орнының 16 жастағы екі студенті ұсталды. Олардың біреуінен аса ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Бұған қоса, Қарағанды облысында екі жасөспірім ұсталды. Олар 9-10 сынып оқушылары. Жасөспірімдер есірткі тарататын Telegram-арнаға сілтемесі бар жапсырмаларды жапсырумен айналысқан.

Аталған фактілер үшін қылмыстық жаза көзделеді. 2024 жылы полициямен есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар 61 кәмелетке толмаған, ал жыл басынан бері алты жасөспірім ұсталды.

-Құрметті ата-аналар! Балаларыңызбен есірткінің зияны туралы сөйлесіп, заңсыз әрекет үшін жауапкершілік барын түсіндіріңіздер. Олар заңсыз әрекетке тартылса, сіздерге айтуға қорықпауы керек. Балалардың араласу ортасын, олар пайдалатын интернет-ресурстарды қадағалаңыздар. Заттарының арасында медициналық препараттар, фольга, шыны түтікшелер кездессе, назардан тыс қалдырмаңыздар. Олар есірткі қолдануға арналған болуы мүмкін. Есірткі қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталатынын еске саламыз, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив