A+ A A-

talgatzhan 32 16-01-2025, 13:30 0

Былтыр әрбір шығысқазақстандық 21 келі ет өнімін тұтынған

Бүгін / ШҚО

Былтыр үшінші тоқсанда елде ет өнімдерін орташа тұтыну жан басына шаққанда 20,5 келіні құрады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оның ішінде 6,4 келі сиыр еті, 1,5 келі қой еті, 1,4 келі жылқы еті, 1,3 келі тауық еті мен 806 грамм шошқа еті бар. 

Ет өнімдерін тұтыну бойынша Жамбыл (23,6 келі), Ақмола (23,5 келі), Жетісу (23,5 келі), Павлодар (22,8 келі), Қарағанды (22,8 келі) облыстары көш бастап тұр. 

Ал Шығыс Қазақстан облысында бір адам орташа есеппен 21,7 келі ет жейді екен. 

Төмен көрсеткіштер Шымкент қаласы (15 келі), Түркістан (16 келі) мен Қызылорда (16,2 келі) облыстарында тіркелді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив