A+ A A-

talgatzhan 33 16-01-2025, 14:30 0

ШҚО-да бұрқасын мен көктайғақ күтіледі

Бүгін / ШҚО

"Қазгидромет" облыстық филиалының ақпаратынша, 17 қаңтарда өңірдің батысында, солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын мен көктайғақ болуы ықтимал, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел ұйытқиды, сондай-ақ солтүстік, шығыс, оңтүстік аумақтарда екпіні 15-20 м/с жететін жел соғады.

Осы ретте ШҚО ТЖД мамандары тұрғындарға алыс жолға шықпауды ескертеді. Көктайғақта жарақат алмас үшін жаяу жүргіншілерге жолдан асықпай өткен жөн. Ал көлік жүргізушілері жылдамдық пен қашықтықты қатаң сақтау керек.

Төтенше жағдайда 112 нөміріне хабарлаңыздар.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив