A+ A A-

talgatzhan 30 16-01-2025, 16:00 0

ШҚО-да былтыр көпбалалы аналарға 232 пәтер берілді

Бүгін / ШҚО

Жыл қорытындысы бойынша облыста 400 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 113%-ға артық, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оның ішінде 265 мың шаршы метр аумақты қамтитын 31 көпқабатты үй салынды. Олардың кейбірі несиеге берілетін тұрғын үй ретінде, қалғаны коммерциялық секторда тұрғызылды.

Аймақта халықты баспанамен қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы ауылдық жерлердің дамуына серпін беруде. Бағдарлама 2020 жылы іске қосылды. 

Облыстық құрылыс, сәулет және қала басқармасының мәліметінше, аталған бағдарлама аясында 30 мың шаршы метр тұрғын үй салынған. Сонымен қатар халықтың қаражаты есебінен 106 мың шаршы метрден астам баспана құрылысы жүргізілді. Әлеуметтік осал топтарға арналған жалдамалы тұрғын үйлерді сатып алуға шамамен 15,6 миллиард теңге бөлініп, 750 пәтер сатып алынды. 

Сондай-ақ былтыр көпбалалы аналарға арналған 232 пәтер сатып алынып, пайдалануға берілді,  ал әлеуметтік осал топтарға 518 пәтер ұсынылды.

«Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы шеңберінде Өскеменде 31 үй және басқа аудандарда 391 үй салынды, олардың жалпы ауданы 30 мың шаршы метрден асады. Ал биыл 12 мың шаршы метрді құрайтын 180 пәтер салу және сатып алу жоспарланып отыр. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 2,7 миллиард теңге бөлінбек. Бұл шаралар өңірдегі тұрғын үй қорының дамуын қамтамасыз етіп, мұқтаж азаматтарды қолдауға мүмкіндік береді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив