Аймақта ЖРВИ-мен ауырған тұрғындар саны көбейсе, тұмау жұқтырғандардың азаюы байқалады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ-дің 114 833, тұмаудың зертханалық расталған 17 жағдайы тіркелген.
-Өткен эпидемиологиялық маусыммен салыстырғанда ЖРВИ-ге шалдыққандар саны 0,63 пайызға артты. Ал тұмаумен ауырғандардың үлесі 7,3 есеге төмендеді, - деді ведомство өкілдері.
Өңірлер бойынша Өскемен көш бастап тұр. Облыс орталығында 61 256 адам ЖРВИ-ге, 16 адам тұмауға шалдыққан. Сондай-ақ Глубокое, Алтай аудандарында да аурудың таралуы байқалады.
Пікірлер