"Өскемен - Таулы Үлбі - Северное" автожолының учаскесінде қар көшкіні жүргізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Осылайша, "Қазселденқорғау" мамандарының шешімімен 3150 текше метр қар түсірілді.
Осы ретте ШҚО ТЖД мамандары азаматтардан абай болуды сұрайды. Қалың қар жауғанда және желді ауа-райында тауға шықпау керек. Сондай-ақ маршрут туралы ақпаратты алдын ала біліп, қауіпті беткейлерден аулақ болған жөн.
Пікірлер