Желтоқсанда спорт зал қызметінің құны 0,4%-ға өскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бір жыл ішінде абонемент бағасы 8,1%-ға артты.
Өңірлер бойынша СҚО (20,1%), Шымкент (19,4%) пен Астана (13,7%) көш бастап тұр. Ал Шығыс Қазақстан облысында бұл көрсеткіш 11,9 пайызды құрады.
Алматы, Түркістан және Жетісу облыстарында спорт жаттығу залына кіру ақысы өзгерген жоқ.
Батыс Қазақстанда керісінше баға 8,6 пайызға төмендеген.
Пікірлер