A+ A A-

talgatzhan 47 17-01-2025, 14:10 0

ШҚО-да дауылды ескерту жарияланды

Бүгін / ШҚО

"Қазгидромет" облыстық филиалының ақпаратынша, ертең өңірдің солтүстігі мен шығысында жауын-шашын мен қар күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Оған қоса бұрқасын соғып, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, аймақтың солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с жететін жел ұйытқиды. 

Өскеменде түнде жылдамдығы 15-18 м/с жеттеін жел соғуы мүмкін. 

Осы ретте ШҚО ТЖД мамандары елдімекеннен тыс жерлерге сапарды кейінге қалдыруды сұрайды. Ауа-райы нашарлаған жағдайда жанармай құю бекеттерінде, жол бойындағы дәмханаларда, ұйымдастырылған автотұрақтарға жақын жерде тоқтаған жөн. Көлік жүргізушілері жылдамдық режимін және қашықтықты қатаң сақтау қажет.

Төтенше жағдайда 112 нөміріне хабарлаңыздар. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив




Пайдалы


Руханият

Қалаға хат 3-02-2025, 10:55

Жұлдыз жорамал

{calendar}