Бүгін өңірдегі екі тасжол жабылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«ОблШығысЖол» ЖШС ақпаратынша, 20 қаңтар сағат 10:00-ден бастап қар көшкінін алдын алу жұмыстарына байланысты «Өскемен-Тарғын-Самар» облыстық маңызы бар тасжолдың 95-102 шақырым учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.
Сондай-ақ «KAZHservice» облыстық филиалының мәліметінше, 20 қаңтар сағат 09:00-ден бастап республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай» тасжолдың 46-66 шақырым учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.
Пікірлер