ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, есірткі заттары мен есірткі сайттары туралы ақпарат таратуға бағытталған граффити, QR код және жарнаманың басқа түрлерін анықтау және жою мақсатында акция өтті.
Биыл есірткі жарнамасының 100-ден астам фактісі жойылды. Оның ішінде тұрғын үйлер мен қоғамдық орындар бар. Сондай-ақ сауда нүктелерінің иелерімен 50-ден астам түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Осы ретте полиция қызметкерлері тұрғындарды қырағы болуға және есірткіні насихаттайтын граффити, онымен айналысатын адамдарды анықтаған жағдайда 102 жедел арнасына хабарласуға шақырады.
Пікірлер