A+ A A-

talgatzhan 31 20-01-2025, 16:20 0

ШҚО тұрғындары азық-түлікке айына 150 мың теңге жұмсайды

Бүгін / ШҚО

Finprom.kz агенттігінің мәліметінше, өткен жылдың үшінші тоқсанында қазақстандықтардың азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға жұмсаған шығыны орта есеппен жан басына шаққанда 135,2 мың теңгені құрады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Азық-түлікке жұмсалған қаржы бойынша Алматы (жан басына шаққанда 186,7 мың теңге), Астана (160,4 мың теңге) және Шығыс Қазақстан облысы (150,6 мың теңге) көш бастап тұр. Ал Қызылорда, Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары ең аз ақша жұмсағандар қатарында. 

-Қазақстандықтардың барлық шығындарының үштен бірі ет өнімдеріне жұмсалады. Бір тоқсанда жан басына шаққанда 44,4 мың теңге кетеді. Сондай-ақ қаржының басым бөлігі нан өнімдері мен жарма, сүт өнімдері, жеміс-жидек, қант, кондитерлік өнімдер мен тәттілерге жұмсалады, - делінген агенттік ақпаратында. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив