Облыста экологиялық бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында бірқатар жұмыс атқарылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 2024 жылы экологиялық бағдарламаларды іске асыру не істеді? Бұл сұраққа баспасөз конференциясында жауап берілді.
Жол картасы шеңберінде ірі кәсіпорындардағы эмиссияларды автоматтандырылған жүйелер арқылы бақылаулар енгізілген. Аталған жоспар қоршаған ортаны қорғау саласындағы негізгі шараларды қамтиды.
ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Еламан Мұхтархановтың сөзінше, аймақтық жоспар аясында 2 мың гектардан астам жерге 10,9 миллион ағаш отырғызылды.
- Бұдан бөлек, балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде 2024 жылы 2000 тонна балық өсірілді. Оның ішінде лосось (форель) – 1485 тонна. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 2302 тоннаға жеткізу жоспарланып отыр, - деді басқарма басшысының орынбасары.
Айта кетейік, маңызды шаралардың бірі ретінде «Казцинк» ЖШС-де 2025 жылы аяқталатын «Өскемен металлургия кешеніндегі ең үздік қолжетімді технологиялар» жобасы бойынша күкірт қышқылы зауытының қалдық газдарын тазарту қондырғысын жобалау және құрылысын салу көзделген. Нәтижесінде алдағы уақытта күкірт диоксиді шығарындыларын 1600 тоннаға дейін азайту жоспарлануда.
Пікірлер