Өңірде жеке инвестиция есебінен коммерциялық тұрғын үйлер салынып, үлескерлерден баспана брондау шартын жасасу арқылы рұқсатсыз қаражат тарту көбейген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бүгінгі таңда 200-ден астам адам құрылыс салушылардың алаяқтық әрекетінен зардап шекті.
Сондай-ақ қажетті рұқсат құжаттарынсыз пәтерлерді сатуды жарнамалайтын бірнеше компания анықталды. Оның ішінде «VIVA PARK», «Park Line», «Renesans», «Grand Residence», «Ray Residence» және «Tumar Towers» тұрғын үй кешендері бар.
Осы ретте қажетті рұқсаттардың бар-жоғына назар аударып, құрылысшыларды мұқият тексеру маңызды. Егер азамат салынып жатқан үйден пәтер сатып алғысы келсе, «ҚЖК» АҚ Тұрғын үй порталының сайтындағы деректермен танысқан жөн. Тұрғын үй кешендерін жарнамалайтын блогерлердің ақпаратына бірден сенбеу керек.
Үлестік құрылыс объектілері бойынша егжей-тегжейлі кеңес алу үшін азаматтар ШҚО Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жүгіне алады.
Пікірлер