A+ A A-

talgatzhan 30 22-01-2025, 15:00 0

ШҚО-да ертең боран соғып, көктайғақ болады

Бүгін / ШҚО

"Қазгидромет" облыстық филиалының ақпаратынша, 23 қаңтарда өңірде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігі мен шығысында жылдамдығы 15-20 м/с жететін жел ұйытқиды. 

ШҚО ТЖД мамандары азаматтардан елді мекендерден тыс жерге сапарды кейінге қалдыруды сұрайды.

Жаяу жүргіншілер көктайғақта жарақат алмас үшін абай болған жөн. Көлік жүргізушілері жылдамдық режимін және қашықтықты қатаң сақтау қажет. 

Төтенше жағдайда 112 нөміріне хабарлаңыздар.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив