«Қазселденқорғау» ММ "ШҚАПБ" филиалының ақпаратынша, қар жамылғысының тұрақсыздығына байланысты 22-24 қаңтар аралығында өңірдің таулы аудандарында қар көшкіні жүру қаупі бар, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО ТЖД мамандары бұл уақытта тауға барудан бас тартуды ұсынады. Көшкін қаупі бар ошақтар автомобиль жолдарына қауіп төндіреді, олардың жанынан өтіп бара жатқанда тоқтауға болмайды.
Жедел қызметті шақыру үшін «112-ге» хабарласыңыздар.
Пікірлер