A+ A A-

talgatzhan 31 23-01-2025, 13:30 0

ШҚО тұрғындары 219,5 келі сүт өнімін тұтынған

Бүгін / ШҚО

Өткен жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында әр қазақстандық орташа есеппен 173,3 келі сүт өнімдерін тұтынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Өңірлер бойынша Ақмола (221,2 кел), Шығыс Қазақстан (219,5 келі) және Қарағанды (216,6 келі) ​​облыстары көш бастап тұр. Ал Шымкент тұрғындары сүт өнімдерін ең аз тұтынған: жан басына шаққанда орташа есеппен 116,7 келіні құрайды. 

Ал 2024 жылдың үшінші тоқсанында сүт өнімдерін сатып алуға жұмсалған қаржы көлемі 14,6 мың теңгені құрады. Алматы және Астана тұрғындары сүт өнімдеріне ең көп ақша жұмсаған: 22,4 мың және 19,2 мың теңге. Ал ең аз шығын Түркістан облысында тіркелді (6,6 мың теңге).

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив