A+ A A-

talgatzhan 33 23-01-2025, 13:40 0

ШҚО-да былтыр 117 мың гектардан астам пайдаланылмайтын жер қайтарылды

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы ШҚО Жер қатынастары басқармасының басшысы Надежда Михейлис Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында баяндады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

- Қайтарылған жерлердің ішінде 67 мың гектар жер пайдаланушылардың өз еркімен бас тартуы, 35 мың гектар жалдау мерзімінің аяқталуы, 3,3 мың гектар жергілікті атқарушы органдардың шешімдерін жою, 2,4 мың гектар сот шешімі арқылы қайтарылған, - деді Надежда Михейлис.

Сонымен қатар өткен жылы халықтың жеке ауласындағы мал басының өсуіне байланысты жайылымдарға қажеттілік 69,9 мың гектарды құрады. Пайдаланылмайтын жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына тарту арқылы бұл қажеттілік толық қамтамасыз етілді. 

Айта кету керек, өңірдің геопорталы арқылы жер учаскелерінің кадастрлық құнын анықтау, инженерлік желілер карталарын көру, атмосфералық ауаның жағдайын онлайн бақылау, экология және қылмыс деректерімен жұмыс істеу мүмкіндіктері ұсынылған. Геопортал әртүрлі мемлекеттік деректер базаларымен біріктірілген.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив