"Қазгидромет" облыстық филиалының ақпаратынша, 24 қаңтарда түнде аймақтың солтүстігінде, шығысында қар мен бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жылдамдығы 15-20 м/с жететін жел ұйытқиды.
Осы ретте ШҚО ТЖД мамандары тұрғындардан алыс сапарға шықпауды сұрайды.
-Жаяу жүргіншілер жолдан өткенде мұқият болу керек. Жарақат алу мүмкіндігін азайту үшін шаралар қабылдаған жөн. Ал көлік жүргізушілері жылдамдық пен қашықты қатаң сақтау керек. Төтенше жағдайда «112» нөміріне хабарлаңыздар, - делінген мәліметте.
Пікірлер