A+ A A-

talgatzhan 43 23-01-2025, 17:00 0

ШҚО-да ата-ана атанғысы келетіндерге 100 квота бөлінді

Бүгін / ШҚО

«Аңсаған Сәби» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2021 жылдан бері экстракорпоральды ұрықтандыруға 1509 квота берілген. Нәтижесінде 570-тен астам бала дүниеге келді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Анықталғандай, облыста 32 ерлі-зайыпты ЭКҰ квотасын алу үшін кезекте тұр. 

- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көмекші репродуктивті технологиялар бойынша қызмет көрсететін медициналық ұйымды пациенттер өздері таңдайды. Осыдан кейін жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсету комиссиясының қорытындысын алу үшін тұрғылықты мекенжайы бойынша учаскелік дәрігерге хабарласу қажет, - дейді ШҚО бойынша отбасын жоспарлау және репродуктивті денсаулық жөніндегі үйлестіруші Надира Слямханова.

Учаскелік дәрігер науқасты бедеулікке шалдыққан амбулаториялық науқастардың электронды реестріне енгізеді. 12 ай ішінде бедеуліктің себептерін анықтағаннан кейін маманның қорытындысы негізінде учаскелік дәрігер МӘМС есебінен ЭКҰ жүргізу мәселесін шешу үшін құжаттарды Комиссияға жібереді.



Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив