«Қазгидрометтің» мәліметінше, 25 қаңтарда облыстың солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жететін жел ұйытқиды. Сондай-ақ түнде өңірдің солтүстігі мен шығысында 40 градус қатты аяз болуы ықтимал.
Осы ретте ШҚО ТЖД мамандары азаматтардан елді мекендерден тыс жерлерге барудан бас тартуды сұрайды.
-Маршрут бойынша жүру кезінде жол қозғалысы ережелері мен жылдамдық режимін сақтаңыз. Қатты аязда қажеттілік болмаса, үйден шықпауға тырысыңыз. Тұрғын үйді қосымша жылытатын болсаңыз, электр жылытқыштарының жай-күйіне назар аударыңыз, - делінген ақпаратта.
Төтенше жағдайда 112 нөміріне хабарлаңыздар.
Пікірлер