Жол қозғалысына уақытша шектеу 24 қаңтар сағат 18:00-ден бастап енгізіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бүгін сағат 18:00-ден бастап дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған көліктер мен қоғамдық көліктерге келесі тасжолдарда қозғалуға шектеу қойылады:
Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары (Ушановтан Катонқарағайға дейін);
Өскемен – Риддер – РФ шекарасы (Белоусовка – Риддер);
Өскемен – Семей (Герасимовка – Абай облысының шекарасы);
Алматы – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы (Абай облысының шекарасы – Ұлан ауылына бұрылыс; Глубокое – Шемонаихаға бұрылыс; Шемонаиха – РФ шекарасы);
Омбы – Майқапшағай (Абай облысының шекарасы – Зайсан);
Омбы – Майқапшағай – Қалжыр – Марқакөл (Дайыр ауылына бұрылу – Марқакөл).
Шектеу 25 қаңтарда таңғы сағат 6:00-де алынады деп күтілуде.
Пікірлер