A+ A A-

talgatzhan 31 27-01-2025, 16:30 0

ШҚО-да дауылды ескерту жарияланды

Бүгін / ШҚО

"Қазгидромет" облыстық филиалының ақпаратынша, 28 қаңтарда жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жететін жел күтіледі.

Осы ретте ШҚО ТЖД мамандары көлікті ағаштардың, жарнама құрылымдарының, электр желілеріне жақын қоймауға кеңес береді. 

Тасжолдардың жай-күйі, дауылдың алдын алу туралы ақпаратты «Дәрмен» ұялы қосымшасын жүктеу арқылы білуге болады. 

Төтенше жағдайда «112» телефоны бойынша хабарлаңыздар.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив