Ал жыл басынан бері дәл осындай 7 оқиға болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қызыл жалынның негізгі себептеріне тұйықталу, автокөлік бөлшектерінің тозуы, қауіпті агрегаттарды абайсыз пайдалану жатады.
Мамандар автокөлік салонында әрдайым өрт сөндіргіштің болуын ұсынады. Оның жарамдылық мерзімін бақылап, уақтылы толтырып отыру қажет.
Көлікті өрттен сақтау үшін оның техникалық жай-күйін мұқият қадағалап, техникалық тексеруден өткізген жөн. Қыс мезгілінде көлікті жылыту үшін қолдан жасалған қыздырғыш құрылғыларды, электрлі жылытқыштарды немесе дәнекерлеу шамдарын пайдалануға болмайды.
Сондай-ақ төтенше жағдайда «101» немесе «112» нөмірлеріне шұғыл қоңырау шалыңыздар.
Пікірлер