Былтыр елде тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция 3,5 триллион теңгені құрады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өңірлер арасында Алматы (759,4 миллиард теңге), Астана (588 миллиард теңге) және Шымкент (339,5 миллиард теңге) қалалары көш бастап тұр. Алғашқы бестікте Түркістан (216,6 миллиард теңге) және Алматы (174,3 миллиард теңге) облыстары бар. Ал инвестицияның ең аз көлемі Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Жетісу облыстарында байқалған.
Пікірлер