"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпаратынша, 29 қаңтарда түнде облыстың солтүстігінде, күндіз батысында, солтүстігі мен шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-18 м/с жететін жел ұйытқиды.
Автожолдардың жай-күйі, дауылдың алдын алу туралы ақпаратты «Дәрмен» ұялы қосымшасын жүктеу арқылы білуге болады.
Төтенше жағдайда «112» телефоны бойынша хабарлаңыздар.
Пікірлер