ШҚО Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары Самат Қайырдиновтың айтуынша, құрылыс салушылардың заңсыз әрекеттерінен 200-ден астам азамат зардап шеккен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңы үлескерлердің қаражатын тартуды қатаң реттейді. Дегенмен тәжірибе көрсеткендей, барлық құрылыс компаниялары бұл талаптарды орындамайды,- деді ол.
Қазіргі таңда өңірде 73 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Олардың ішінде 20 тұрғын үй бюджет қаражаты есебінен, ал 53 тұрғын үй жеке инвесторлардың қаржыландыруымен салынуда.
ШҚО Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының ақпаратынша, заң бұзған құрылыс салушыларға қатысты бірнеше әкімшілік іс қозғады. Тізімге кірген тұрғын үй кешендері: «Ray Residense», «Park Line», «Renesans 3», «Tumar Towers», «Viva Park», «Кристал», «Grand Residense».
«Royal Finance Group» ЖШС және «Elit Stroy Group» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Негізгі бұзушылықтар үлескерлердің қаражатын заңсыз тартумен байланысты, осы жағдай бойынша «Royal Finance Group» ЖШС және «Elit Stroy Group» ЖШС компанияларына әкімшілік айыппұл салынды.
Пікірлер