A+ A A-

talgatzhan 6 28-01-2025, 16:30 0

ШҚО-да жылумен қамтамасыз етуге 4,2 миллиард теңге инвестиция тартылады

Бүгін / ШҚО

1 ақпаннан бастап жылу энергиясының жаңа тарифтері күшіне енеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

- «Өскемен ЖЭО» ЖШС мен «Шығыс Жылу» АҚ жалпы сомасы 4,2 миллиард теңге көлемінде қосымша инвестиция тартуды жоспарлап отыр. Бұл қаражат жылу желілерін, қазандық жабдықтарын, сондай-ақ Өскемендегі ЖЭО күрделі жөндеуден өткізуге жұмсалады. Бұл тозу көрсеткішін азайтуға және жүйенің сенімділігін арттыруға бағытталған,- деді  ШҚО Табиғи монополияларды реттеу департаменті басшысының міндетін атқарушы Жұмагүл Мусипова.

Қазіргі таңда Өскемен ЖЭО жабдықтарының тозу деңгейі 67,6%-ды құрайды. Ал 1956 жылы іске қосылған Согра ЖЭО-ның тозу деңгейі 61,9%-ға жеткен. «Шығыс Жылу» АҚ-ға қарасты 8 қазандық пен 454,8 шақырым жылу желілерінің тозу көрсеткіші 69,2% және 63,9% құрайды.

Ал инвестициялық бағдарламаның басты міндеттерінің бірі – 14 жылу желісін жөндеу және Жаңа Ахмер ауылындағы №5 қазандықты жаңғырту. Нәтижесінде жылу желілерінің тозу деңгейін 1,5%-ға азайып, көмір шығынын 841 тоннаға қысқарады.

Сондай-ақ коммуналдық кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысын арттыру қарастырылған.

- Тарифтердің өсуі көмір мен дизель отынының қымбаттауымен, сондай-ақ ЖЭО қызметтерінің құнының артуымен байланысты, - дейді «Өскемен ЖЭО» ЖШС техникалық директоры Нұрлан Ахметжанов.

Ал аз қамтылған отбасылар үшін коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегі қарастырылған. Биыл облыс орталығындағы 264 отбасыға тұрғын үй көмегі үшін жергілікті бюджеттен 10,8 миллион теңге бөлінді.

Осылайша, тұрғындар үшін жылумен қамтамасыз етуге төленетін ай сайынғы төлем 789-дан 1658 теңгеге дейін өсетін болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив