A+ A A-

talgatzhan 46 29-01-2025, 11:30 0

ШҚО-да биыл жолдарды жөндеуге 37 миллиард теңге бөлінеді

Бүгін / ШҚО

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов 2025 жылы жолдарды жөндеуге қатысты жоспарлармен бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

2024 жыл "Жол жылы" деп жарияланып, жүзден астам жоба іске асырылды. Біршама жол орташа жөндеуден, ал шағын көпірлер күрделі жөндеуден өтті. Мысалы, былтыр «Өскемен-Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» тасжолындағы 4 көпір жаңартылды. «Жол жылы» жобасы ауылдық жерлерде де жүзеге асырылды. Облысқа қарасты 11 ауылда тарихта болмаған алғашқы асфальтталған көшелер пайда болды.
Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, 2026 жылға дейін өңірде тағы 50 ауылдың жолына асфальт төселеді. Облыста жөнделген жолдардың шақырымы рекордтық көрсеткішке жеткен, ал саланы қаржыландыру 31 миллиард теңгеге дейін ұлғайды.

Фотосурет сайт мұрағатынан

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив