Бұл туралы ШҚО бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Асхат Сағидолдин мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, былтыр тұтыншушылар тарапынан департаментке 920 өтініш түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 75%-ға артық.
- Бөлшек сауда – 389, электрондық сауда – 231, тұрмыстық қызмет көрсету – 180, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметі бойынша 6 шағым тіркелді. Сондай–ақ қоғамдық тамақтандыру қызметі – 21, білім беру – 18, медицина – 16, байланыс – 13, қаржы – 7, көлік – 5, туристік қызметт жөнінде 4 шағым қаралды. Өтініштер санының өсуі халықтың құқықтық сауаттылығының артуымен байланысты деп есептеймін, - дейді Асхат Сағидолдин.
Сондай-ақ былтыр тұтынушылардың ақшалай қайтарымдарының сомасы 27 миллион теңгеден асқан. Департаменттің қатысуымен өткен 23 сот өтіп, азаматтарға 20 миллион теңгеге жуық қаражат қайтарылды. Жоспардан тыс 10 тексеру жүргізіліп, құқық бұзған кәсіпкерлер жазаланды.
-Жергілікті өндірушілерді қолдауға, тұтынушыларды қорғауға бағытталған «Сапалы өнім» жобасы аясында зерттеу жасалып, 47 өнім бойынша бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, тауар сыртында мемлекеттік тілде ақпарат жазылмаған 26, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтамаған 21 факті тіркелді. Осылайша, 13 кәсіп иесі жауапқа тартылды, - деді басқарма басшысы.
Пікірлер