ШҚО бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Асхат Сағидолдин сатып алушылар тарапынан жиі қойылатын сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның айтуынша, дүкен сөрелерінде тауар бағасы жазылмаса, азамат жауапты басқармаға шағымдануға құқылы.
- Заң бойынша кез келген тауардың құны жазылып тұру керек. Ол - сатушының тікелей жұмысы. Сондай-ақ сөредегі және кассадағы баға бірдей болу шарт. Егер кассада қымбат баға шықса, сатушы сөредегі бағамен есептеуге міндетті. Мұндай құқық бұзушылық үшін кәсіп иелеріне 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Түбіртек мәселесіне келетін болсақ, ірі сауда орындарында әр тауардың құны жазылып тұрады. Ал кей дүкендерде түбіртек атымен жоқ. Бұл сұрақпен салық органы айналсады, - деді Асхат Бейсенұлы.
Пікірлер