ҰСБ 21 қаңтардағы мәліметі бойынша, облыс орталықтары мен мегаполистерде көкөніс құны бір жылда 57,8%-ға артқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Картоп бағасының ең төмен өсуі Қарағанды (31,5%-ға), Көкшетау (31,5%-ға), Түркістан (34,6%-ға) және Шымкент (37,7%-ға) қалаларында байқалады. Астанада баға екі есе қымбаттаса, Алматыда 85,7%-ға, Атырауда 76,7%-ға өсті.
Шығыс Қазақстанда бұл көрсеткіш 72,3%-ды құрады.
Пікірлер