"Қазгидромет" облыстық филиалының ақпаратынша, 30 қаңтарда аймақтың солтүстігі мен шығысында қар мен бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жететін жел ұйытқиды.
ШҚО ТЖД мамандары қолайсыз ауа райы кезінде елді мекендерден тыс жерлерге сапарды кейінге қалдыруды сұрайды.
Маршрут бойынша жүру кезінде жол ережелерін қатаң сақтаған жөн.
Төтенше жағдай 112 нөміріне хабарлаңыздар.
Пікірлер